Мақат ауданында жыл басынан бері 3 үй және 2 көлік өртеніп кетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп боп тұр. Өрттің шығуына тоқтың қысқа тұйықталуы себеп. Мұндай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жергілікті құтқарушылар тәртіп сақшыларымен бірлесе отырып, жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көлік иелеріне өрт қауіпсіздігі туралы айтып, тоқ сымдарына назар аудару қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, іс-шара кезінде құтқарушылар тұрғын үйлерді аралап, халыққа өрт қауіпсіздігі туралы жаднама таратты.
Толығырақ сілтемеде
https://www.facebook.com/reel/144728141873268
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0