«Тұщықұдық» ауылының тұрғындары наурыз тойын Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінің алаңында сән-салтанатымен өткізді. Киіз үйлер тігіліп, наурыз тойына келгендер бір-бірімен қуана көрісті. Ауылдастар ұйымдастырған іс-шараны арнайы көруге келген аудан әкімі барша ауыл тұрғындарын еңсесі биік елдіктің, бейбітшілік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың мерекесімен құттықтады. Бұдан кейін ауылдағы барлық мекеме-ұжым мүшелері дайындаған «Жаңа нұр — Жаңа жыл» атты театрландырылған көрініс қойылды. Ән айтылып, күй тартылды, кішкентай бишілер де іс-шараның сәнін келтірді.
Толығырақ сілтемеде
