Жаңалықтар

COVID-19: БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІНЕН АНЫҚТАЛДЫ

Атырауда балабақшаның үш бірдей қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталды. 8 маусым күні мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі ЖРВИ белгісімен жұмысқа келген. Дене қызуы көтерілген бойда жергілікті емханаға жіберіліпті. Үш күннен кейін инфекция жұқтырғаны белгілі болып, ертесіне мекеме жұмысы тоқтатылған. Балабақшада болған 60 адамнан сынама алу барысында тағы бір тәрбиеші мен аула сыпырушысының вирус жұқтырғаны анықталды. Абырой болғанда 23 баланың тест қорытындысы теріс нәтиже шығарыпты.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, Атырау қалалық білім бөлімінің бас маманы

  • 15 маусым қалалқы білім бөлімінің 125 бұйрығына сәйкес, №30 «Жұмбақ» балабақшасы өз жұмысын тоқтатты. Алдағы уақытта балабақша қызметкерлерінің, тәрбиеленушілердің өмірі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында қаладағы балабақшалардың жұмысы тоқтатылды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *