Карантинге байланысты тоқтап қалған «Бақытты отбасы» бағдарламасына қайта құжат қабылдау басталды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі 3-4 маусым күндері көпбалалы, кәмелетке толмаған және мүгедек бала тәрбиелеп отырған, сондай-ақ толық емес отбасылардың өтінішін қабылдамақ. Бұл жоба бойынша мұнайлы шаһардың тұрғындары үшін 132 үйге қаржы бөлінген.
Рафхат ЖОЛДИЕВ, қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі
- Былтыр 70-ке жуық адам үй алды. Биыл 1 адамға 15 млн теңге деп есептегенде 132 отбасы деп отырмыз. Егер 1 адам 6, 7, 10 млн теңгеге үй алатын болса, оның артық қаражаты келесі азаматқа көшіріледі. Солай үйлі болатындардың саны 132-ден де көп болуы мүмкін.
Бағдарлама бойынша құжат қабылдау биыл наурыздың 13-де басталып, 118 отбасы өтініш тастап үлгерді. Енді олардың төлем қабілеттілігі анықталғаннан кейін пәтерді өздері таңдап, құжаттарын жасақтайды. Бағдарламамен баспана алатындар санатына кіретіндер 2 процентпен 20 жылға дейін үй алады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0