Жаңалықтар

БАСШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ҚЫСҚАРҒАН

«ҚазМұнайГаз» компаниясы қызметкерлерінің жұмыс орны сақталады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың қатысуымен өткен жиында айтылды. Бүгінде өндіріс мамандарының жұмыс орнын сақтап қалу мақсатында бірнеше стратегиялық іс-шара жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, компанияға қарасты кәсіпорындарда санитарлық режим күшейтіліп, жекелеген мамандар дистанциондық жұмыс тәртібімен еңбек етеді. Сондай-ақ, басқарушы директорлардың 22 позициясы таратылып, корпоративтік орталықтағы 60 департамент 20-ға дейін қысқарған. Одан бөлек, басқарма төрағасы ұлттық компанияның табыс көрсеткішін арттыру барысында басшылардың жалақысы мен бонустардың қысқартылғанын да айтты. 

Алик АЙДАРБАЕВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы

Мысал келтіретін болсам, менің және менің орынбасарларымның жалақысы 30 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, орта буын басшыларының еңбекақысы 20 пайызға төмендеді. Осы жылы біз 9 айда берілетін сыйақыдан да бас тартып отырмыз. Әрі қарай компанияның жұмысы қалай жүреді деген сұрақ туындауы мүмкін. Біздің қазіргі ұстанатын саясатымыз, да мақсатымыз да бір. Ол қызметкерлерді қысқартпау, жұмыс орындарын сақтау. Сол бағытта бірігіп еңбек етсек, бұл қиындықты да жеңеміз деген сенімдемін.

Қабылданған стратегияның арқасында 2020 жылдың шығыны 150 млрд теңгеге азаяды деп жоспарланған. Ал алдағы 5 жылдық кезеңде ол көрсеткіш 700 млрд теңгеден асады, — деп отыр компания өкілдері.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *