Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС

Тәртіп бұзғыш көлік жүргізушілерінен айыппұл өндіру мақсатында қалада «Борышкер-2020» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мамырдың 25-і мен 30-ы аралығына жоспарланған акцияға әкімшілік полиция мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Нәтижесінде, жедел басқару орталығының бейнекамералары мен «Автоураган» жүйесі арқылы қала көшелерінен 50 шақты автокөлік тоқтатылды. Тәртіп сақшылары оларды айыппұл тұрағына қойып, тізгіндегілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Автокөлік иелеріне жалпы сомасы 2млн тг-ден астам айыппұл салынған. Қазір 160 құқықбұзушылық үшін 1млн 200мыңнан астам қаражат бюджетке өндірілді.

Оқи отырыңыз...

130 МЫҢНАН АСТАМ АТЫРАУЛЫҚ БІР УАҚЫТТА ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

МЫҢДАҒАН БЕКІРЕ ҚЫРЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ЖАЙЫҚ ЖӘНЕ ЕРТІС ӨЗЕНДЕРІН САҚТАУДЫҢ 5 ЖЫЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАҢАРТАДЫ