Биылғы ҰБТ бұрынғыдан да қатаң бақыланады. Бұл – елдегі жағдайға байланысты. Науқанға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Мектеп бітірушілердің қауіпсіздігі үшін тест тапсыру легі ұзартылып, әрқайсысындағы түлек саны елу пайызға, яғни, 800-ден 400-ге азайтылмақ. Санитарлық талаптар қатаң сақталады, алайда жауапкершіліктің оқушылардың да мойнында бар екендігі ұмытылмауы тиіс,- дейді мамандар.
Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА, Ұлттық тестілеу орталығы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті филиалының басшысы
- Тыйым салынған нәрселерді ішке әкелуге, кіргізуге әрекеттенген немесе тестілеу барысында осындай нәрселерді пайдалануға әрекеттенген талапкерлер кейіннен тест тапсыру құқығынан айырылатыны өз алдына, мемлекеттік грантқа тапсыру құқығынан айырылады және мұндай тестіленушіні біз келесі тестілеуге жібермеуге шешім қабылдаймыз. ҰБТ кезінде онлайн трансляция ұйымдастырылады. Ата-ана баласы үшін уайымдамай, үйінде отырып, мобильдік телефондағы программа арқылы, біз сілтемені алдын-ала жібереміз, немесе компьютер арқылы баласының тестілеу басталғаннан бастап, тестілеу аяқталғанға дейінгі барысын өзінің үйінен отырып-ақ қадағалай алады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0