Жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕР ІСІ

Атырауда жаңа туған нәрестені мұздатқышқа тірідей салуды бұйырды деп күдіктенген перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен оның қарамағындағы 4 қызметкерге қатысты сот процесі басталды.  Күдіктілердің адвокаты БАҚ өкілдерінің түсіріліміне қарсылық танытқанымен, судья сотталушылардың бет-әлпетін көрсетпей жұмыс жасауға рұқсат берді.

Тергеу абақтысындағы үш сотталушы процеске онлайн режимде қатысты. Алайда байланыс жүйесінің нашарлығынан сот ісі қайта-қайта үзілумен болды.
Тергеу абақтысындағылар сот залындағы әңгімені жөнді ести алмады. Өйткені байланысқа тек судьяның алдындағы  микрофон қосылған.  Осыған орай адвокаттар процессті кейінге шегеруді өтінді.  


Жамбыл МҰҚАШЕВ, адвокат

— Бәріміздің алдымызда  бір- бір микрофоннан тұр, бірақ  сотталушылар естімейді өзіміз жауап беріп, өзіміз шешіп жатырмыз мына жерде. Сол себепті қарсылық білдіремін. Хаттамаға енгізуді сұраймын. Сот процесін кейінге қалдыруды сұраймын. Объективті және жан-жақтылықты қамтамасыз ету үшін. Қазір аса ауыр қылмыс жасады деп айыптап отырғаннан кейін сот процесін мүмкіншілік жоқ деп олардың құқықтарын шектеумен ойлаймын заңсыз деп.


Еске салайық, перинаталдық орталықтың экс басшысы Қуаныш Нысанбаев Қылмыстық Кодекстің адам өлтіру, бюджет қаржысын талан-таражға салу,  пара беру, пара алу, қызмет бабын асыра пайдалану сияқты бірден 8 бап бойынша айыпталуда. Оның әріптестеріне де тағылған айып аз емес. Елді дүрліктірген оқиға өткен жылдың қыркүйегінде белгілі болды. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
1
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *