Жаңалықтар

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

Түлектер баспаналы қылды. Индер ауданындағы Есбол, Жамбыл және Кулагино мектептерінің 2000 жылғы мектеп бітірушілері мүмкіндігі шектеулі Қамышевтар отбасына төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Жәрдемақымен ғана күнелтіп отырған жанұя пәтер жағалап, көшіп-қонып жүрген. Ауылдастары олардың өміріне бей-жай қарай алмай, осындай қайырымдылық жасауға ниеттеніпті. Ақылдаса келе, 20 жыл бұрынғы түлектер сағынышқа толы күнді  осылай өткізуді жөн көрген.

Байсал ШАКИЕВ, мектеп түлегі
Біздер Есбол ауылының Кулагино, Жамбыл орта мектебінің түлектері бүгін жиырма жылымыз. Соған орай ауылымыздың жағдайы төмен Айдын азаматымызға баспана сыйлап отырмыз. Алдымыздағы үлкендердің көрсеткен үлгісі бойынша артымыздағы жастарға үлгі болсын деген себеппен осындай игі іс істейік деген себеппен баспана сыйлап отырған жайымыз бар.
                           

Жиынға жиналған жұртшылық та, әкім де игі бастаманың ауыл тарихында алғаш рет жүзеге асып отырғанын айтты. Ал Айдынның туыстары көл-көсір алғыс жаудырды. 

Насипа ЖОЛМАҒАНБЕТОВА, туысы
Ауылдың 83 жылғы түлектеріне көп-көп рахмет айтамыз. Айдынның осындай жағдайда жүргенін біліп, қамқорлық жасап үй алып беріп жатырғандарына көп-көп рахмет.Осындай бала тәрбиелеген ата-аналарына, ұстаздарына рахмет айтамыз. Жиырма жыл болып отырған түлектер Айдынға жасаған жақсылықтарыңыз мың еселеніп өздеріңе қайтсын.

Арман қуып бір ауылдан түлеп ұшқан жастар бұл күнде қоғамның әр саласында еңбек етеді. Олар қуаныш сыйлау эстафетасының символын кейінгі інілеріне табыстап, әрдайым жақсылық жасауға қамшылап жүруге шақырды. Ал отбасы иелері қуаныш сыйлағандарға  дастархан жайып, көптің батасына бөленді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *