Жаңалықтар

ЖОҒАЛҒАН БАЛА – ЖҰРТТЫҢ ІЗДЕУІНДЕ

Әлиден әзір хабар келмеді. Жоғалғанына бір тәулік болған жас жарымдағы баланы атыраулықтар жұдырықтай жұмылып іздестіруде. Полицейлердің сөзінше, Жұлдыз ықшам ауданындағы елуден астам көше тексерілген.

Ерлан БИҒАМБАЕВ, Атырау қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары

  • Көшеге толықтай қызметкерлер және тұрғындар жіберілген болатын. Барлық ауланы аралап, құдықтар және басқа да жерлерді тексеру, коледецтер дейміз т.б жерлерді тексеріп осы бағытта жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі уақытта нәтиже жоқ, нәтиже болған жағдайда қосымша хабарланатын болады.

Кішкентай Әли түскі сағат бір шамасында үйден шығып кеткен. Айналада қоршау болмағандықтан, бірден көшеге қарай бет алыпты.

Әлидің әжесі

  • Көз алдымда осы ойнап отырды. 1-ші класс оқитын қызымның сабағын салып отырдым. Көз арасында шығып кетті бәрі. Бір заманда мына қыз келді, мама Али жоқ деп. Содан тұра шаптық. Бәрі таңға дейін жүрді жаңбырдың астында. Бәріне де рахмет, басымды ием көп көп залқыма.

Ең өкініштісі – сәбиді тірі жан кездестірмеген. Тек көше бойындағы жекеменшік бір үйдің бақылау камерасына түсіп қалыпты. Одан әрі ұшты-күйлі жоқ. Түнімен толассыз жауған жаңбыр мен батпаққа қарамастан полицейлер мен тұрғындар іздеуді тоқтатпады.

Малика ТАКЕЖАНОВА, тілші

  • Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан іздеу жұмыстары жалғасуда. Оған полицейлер мен еріктілерден құралған 600 адам жұмылдырылған. Ал тәртіп сақшыларына түскен жан-жақты ақпарат жіті тексерілуде.

Олжас СҰЛТАНОВ, ерікті

  • Әлі де жолда полициямен жүргендер ЧС-пен бірге тексеріп жатыр. Одан басқа ЧС адам жүре алмайтын жерге вездеходпен кетті. Геолог жақты водалазрмен тексеріп жатыр. Қазір деген ойлап отырғанымыз анасы айтып отыр ғой баланы қайтарсаңыздар, бала қай жерде екенін айтсаңыздар ешқандай талабымыз жоқ деп. Егерде бала сіздің қолыңызда болса, бала қай жерде екенін білсеңіз бізге айтыңыз.

Кішкентай Әлиге қатысты қандай да хабар-ошар болса, 102 нөміріне қоңырау шалу сұралады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *