Жаңалықтар

СЕРГЕК ЖҮРІҢІЗДЕР!

  • Автокөлік жүргізушілері сақ болыңыз, сергек қосылады. 1 маусымнан бастап мұнайлы шаһарда 3000 ақылды камера  жол ережесін бұзғандарға айыппұл сала бастайды.

Қырағы көзді камералардың 774-і  қоғамдық қауіпсіздікті бақылайды. Олар қаланың халық көп шоғырланатын жерлерінде, нақтырақ айтсақ, мектеп, саябақтар, вокзалдар мен әуежай, ауруханаларда орнатылған. Ал көше қиылыстарына қондырылған 750 камера жылдамдықты асыру, тоқтау жолағы мен 15 метрге дейінгі үзіксіз сызықты кесу секілді ереже бұзушылықты анықтайды. Тек жылдамдықты қадағалайтын 614 камера ұзын, тіке көшелерде орналасқан.

Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ, Атырау облыстық ПД ӘПБ бастығы

  • -Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі дұрыс көрінбегенде, сонымен қатар, көлік жүргізушілерінің келіспеген жағдайы болса, жеке-жеке қаралатын болады.+6608, 00:10 айыппұлды, ұйғарымды алған күннен бастап, 7 күн ішінде төлесе, 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Яғни, айыппұл автоматты түрде жіберілмейді. Егер жүргізуші жазамен келіспей, даулы мәселе туындаса, арнайы бекітілген полиция қызметкері фактіні қайта тексеріп, өзінің электронды қолтаңбасы арқылы шешімге қол қоя алады. 

Айта кетейік, қолайсыз ауа райын сылтауратып, айыппұлдан сытылып кетем дейтіндер үшін айтар жаңалық тағы бар.

Марат АМАНОВ, мердігер мекеме өкілі

  • Бұл камераларға ауа райы әсер етпейді. Алдын ала барлығы есептеліп, қаралып жасалған. Тіпті қар жолдағы жолақты басып тастаса да, ол көре алады. +  01:02. Біз келісімшарт бойынша полицейлерге 100 планшет береміз. Барлық жол ережесін немесе қоғамдық тәртіпті бұзғандар сол планшеттен анық көрініп тұрады. Соның негізінде күдіктілерді ұстай алады.

Осылайша мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасымен қолға алынған бастама жақын арада өз жұмысын бастайды. Айыппұлдан түскен әр тиын бюджетке түседі дейді мердігер мекемедегілер. Сонымен, жүргізушілерді ұзақ уақыт толғандырған күннің ауылы жақын. Бірақ жол ережесін бұзбасаңыз, алаңдауға негіз жоқ екенін айта кеткен жөн.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *