Жаңалықтар

СУДА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Синоптиктер алдағы аптадан бастап термометр көрсеткіші 33 градусқа жетеді деп болжап отыр. Сондықтан карантинге қарамастан Атырауда шомылу маусымына дайындық басталып кетті. Биыл суға түсуге «Мұнайшы» спорт кешені мен Тұрғын үй қалашығындағы жағажайларға рұқсат берілді. Дәл қазір аталған аумақтар тексеріліп, ескерту белгілері қойылып жатыр. Ал одан кейінгі күндері тазалау жұмыстары қолға алынады. Жыл сайынғы шомылу кезеңі 1 маусымға жоспарланғанымен, биылғы шектеулерге байланысты өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Маусым басталысымен 66 құтқарушы күшейтілген режимде жұмыс жасамақ. Олар аптап ыстықта бос уақытын жағалауда өткізетіндерді мейілінше сақ болуға шақырады. Өткен жылдың өзінде облыста қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамаудың салдарынан қайғылы 13 жағдай тіркелген.

Ербол БРАЛИЕВ, облыстық ТЖД сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы

  • Сол екі пляж тазаланған бәрі. Ступенькимен түсетін жері бар, дайындалған, бүкіл құрал-жабдығы бар. Құтқарушылары да бар. 04:10 Басқа қауіпті аймақтар көп қой бізде, дикий пляждар дейді ғой. Ол жерлер опасный, ешкім білмейді. Жері терең, асты лас. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *