Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

СМАРТФОНДАҒЫ ДӘРІХАНА

Енді іздеген дәріңіздің қайда сатылатынынын мобильді қосымша арқылы анықтауға болады. Атыраулық Асылбек Бисенов бұл жобаны бір жыл бұрын қолға алған. Бағдарламаны жүктеген соң, қажетті препаратты енгізген бойда оның қай жерде қолжетімдігі екендігі шығады. Осы арқылы алысқа сабылмай, жақын маңайдағы дәріханаға баруға болады. Дәл қазір мобильді қосымшада 500-ден аса аптека желісі тіркелген. «Өзім фармацевт болғандықтан, жобаның көпшілікке ыңғайлы екендігін бірден түсіндім» дейді өнертапқыш. 


Асылбек БИСЕНОВ, өнертапқыш
«Indrug» мобильді қосымшасын қарапайым халық та, дәріханадағы фармацевт те қолдана алады. Оны App Store немесе Play Market арқылы телефондарына жүктеп алады. Сол арқылы үйде отырып-ақ дәрі іздейтін мүмкіндік пайда болды.  

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА 25-ШІЛДЕДЕ ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРГЕН ЖАСТАР ҮШІН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ

АМӨЗ-дегі жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды

INTEGRITY ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА БУЛЛИНГТАН ҚОРҒАНУДЫ ҮЙРЕТТІ