Жаңалықтар

ХҚКО ЖҰМЫСҚА КІРІСЕДІ

13 мамырдан бастап Атыраудағы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кіріседі. Заңды және жеке тұлғалар үшін қызмет көрсететін мекеме санитарлық-дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Ескерерлігі, орталықтан онлайн режимде алу мүмкіндігі қарастырылмаған қызметтер ғана алынады.

Нұрлыбек БАҚТЫҒАЛИ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ АОФ баспасөз хатшысы  

 13 мамыр күні қалалық №1, 2, 3 бөлім және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл жерде ескеретін жағдай, бұл орталықтар жаңаша форматта жұмыс жасайды. Яғни, 600-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілетін болса корпорация арқылы, оның 80 пайызын қызмет алушылар өздері үйден онлайн түрде алады. Тек 20 пайызы, яғни, қағаз жүзіндегі мемлекеттік қызметтерді ғана орталыққа келіп тапсыра алады.

Электронды қызмет түрлерін зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар орталықтардан кедергісіз ала алады. Және азаматтар электронды үкіметтің  порталынан немесе 14-14 колл-орталығы арқылы алдын ала кезек алулары қажет.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *