Жаңалықтар

ОН БЕС МЫҢ — ОНЛАЙНМЕН

Атыраулықтар комуналдық қызметтер үшін берілетін 15 000 теңгеге өтінім беруді бастады. Олар atyrau.komek109.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Еске салсақ, коммуналдық төлемге арналған әлеуметтік көмек  І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер; мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілгендер; көпбалалы жанұялар; ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатындар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан жандардың отбасылары; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлерге беріледі.

Мейіржан МҰҚАСОВ, қалалық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары

-Қазіргі уақытта бізде 4000-ға жуық адам өтінімін тапсырған болатын. Тұрғындар өзінің ЖСН тергенде сол 7 категорияға өзінің жататынын біле тұра, алайда бірақ сайт сіз жатпайсыз дегенді көрсеткен жағдайда сол сайтта номерлер көрсетілген және эл.почта көрсетілген. Сол номерлерге звондап, біздің қызметкерлерге өзінің хабарламасын айтуға болады.

Коммуналдық көмекті аудару мамырдың соңынан бастап жүзеге асырылады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *