Жаңалықтар

ТЕҢІЗДІКТЕРДІҢ ТАЛАБЫ

Теңіз кенішінде тағы да шу. Бұл жолы вахталық аймақтағы мердігер мекеменің 100-ге жуық қызметкері карантин ережесін жеңілдетуді сұрап отыр. Нақтырақ айтсақ, жұмысшылар ұжымдастарымен бірге уақыт өткізіп, шылым шегетін орындарды ашуға рұқсат берсін деп талап қойған.  Ол аздай, асханада бірге тамақтануды қалайды. Ал үйлеріне бармай, екінші вахтаны өткізіп жатқандар жалақыларын көтеруді өтініпті. Оқиға орнына жеткен  әкімдік өкілдері жұмысшылардың карантин ережесін жеңілдету туралы талаптарын қанағаттандырмады. Дегенмен жалақы мәселесі компания басшылығымен шешілетін болды. Еске салсақ, Теңіздегі коронавирус инфекциясы 8 сәуір күні анықталған еді. Кейін компания 17 мың жұмысшыны мезгілсіз демалысқа жіберу бойынша шешім қабылдап, бүгінде олардың 13 мыңға жуығы  шығарылды.


Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы

Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың карантин талаптарын сақтамауы, оны кешегі компания өкілдерінен де көруге болады. Бізге,карантиндік, самоизоляциядан гөрі, әлі де жақын қарым қатынаста болсақ, немесе ортақ темекі тартсақ деген сияқты кішкене жеңілдетуді сұрап тұр. Ал инфекция ондай босаңдықты көтермейді.  Оны бәріміз білеміз. Сондықтан штабтың деректері бойынша карантинді дұрыс сақтамау, инфекцияның таралуына себеп болып отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *