Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

21:00-ДЕН КЕЙІН РҰҚСАТ ЖОҚ

Енді атыраулықтар сағат кешкі 9-дан кейін көшеге шыға алмайды. Осыған дейін дәріхана, супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері штаттық режимде жұмыс жасағандықтан, шаһар халқы осы объектілерге кешкі 7-ге дейін емін-еркін барған болса, бұдан былай, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына енгізілген өзгеріске сәйкес, сағат 9-дан кейін мүлдем рұқсат жоқ. Сондай-ақ, дәріхана, дүкендер мен супермаркеттер, жанар-жағармай құю бекеттерінің де жұмыс уақыты шектелді. Енді олар ертеңгілік 9-дан кешкі 8-ге дейін ғана ашық болады. Азық-түлік пен дәрілерді үйге жеткізіп беру қызметі де 21:00-ден кейін тоқтайды.

Әлібек ҚАЙЫРОВ,  Атырау облыстық ДП ЖПБ  бастығы

-21:00 ден таңғы 6-ға дейін 1 сағат яғни 8ден 9ға дейін уақыт беріліп отыр, үйіне жетіп алу үшін. Жұмыстан кейін дәрі-дәрмек, тамақтар алуына. 9-дан кейін толықтай шектеу болады. Банк-пошта, және жеке нотариустардың жұмыс уақыты 9:00-17:00ге дейін шектеледі. Олар азаматтарды 3 адамнан аспайтын кезекпен қабыладйтын болады. Алайда олар да банкоматтар алдында адамдардың шоғырлануы на жол бермеу керек. Және оны ұйымдастыру қажет. Оны бірлесіп атқарамыз. + Қала тұрғындарының аталған шектеулерге түсінушілікпен қарауларын сұраймыз. Оларды сақтауларын, және халық болып бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамын.

Оқи отырыңыз...

КІТАПТЫ КӨП ОҚИТЫН ОТБАСЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

АТЫРАУДА АЙНАЛМА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ИНДЕРЛІК «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАРЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАП КЕТТІ