Коронавирус жұқтырған тағы 3 адам 7 сәуір күні белгілі болды. Олардың қатарында 37 жастағы әйел, 18 жастағы жас жігіт пен 82 жастағы қария адам бар. Қазіргі таңда олар инфекциялық стационарға жатқызылды. Әйел адам мен қария кісі Атыраудың тұрғындары болса, 18 жастағы жігіт Алматыдан Атырауға жұмыс бабымен ұшып келген азамат көрінеді. Олардың барлығы коронавирус диагнозы қойылған адаммен байланыста болған. Қазіргі таңда 2 адамның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланса, енді бір адам ауыр жағдайда, — дейді Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0