Төтенше жағдайға байланысты берілетін әлеуметтік көмек, яғни 42500 теңге тиесілі азаматтар есепшоттарының 20 таңбалық нөмерін үйден отырып-ақ ала алады,- дейді «Қазақстан Халық банкі» АҚ АОФ директоры Жандос Мақашов. Айтуынша, Атыраудағы банк бөлімшелерінің алдына халықтың көп шоғырлануының себебі тек бұл емес. Айдың басында зейнетақы мен жәрдемақы түсетіндіктен, оны алуға келетіндердің саны да кезекке тұрғандардың қарасын көбейтеді. Сол себепті халықты дүрбелең туғызбауға шақырамыз,- дейді банктегілер.
Жандос МАҚАШОВ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ АОФ директоры
—Халық банкінде есеп шоты бар азаматтарға банкке келу міндетт іемес. Оның бірнеше жолы бар, үйде отырып ақ алуға болады. Біріншіден хом банкті пайдаланатындар сол арқылы ала алады. Екіншіден 7111 нөмеріне өзінің ИИН жіберсе болды, реквизит хабараламамен келеді. Ал мүлдем есеп шоты жоқтар банкке келіп есеп шотын ашып береміз. Карантинге қатысты банкте барлық талапты орындау керек,.
Жандос Мақашовтың сөзінше, «Халық» банкінің облыста 16 бөлімшесі бар, ал банктомат саны 200-ден асады. Бөлімшелер ертеңгілік 9-дан кешкі 17.00-ге дейін жұмыс кестесімен қызмет көрсетіп жатыр, сондықтан халықтың алаңдауына негіз жоқ,- дейді ол.