Жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА ШЕКТІ БАҒА БЕЛГІЛЕНДІ

Әлеуметтік маңызы бар тоғыз түрлі  азық-түлік тауарына шекті  баға белгіленді. Мұндай шешімді сауда және интиграция, ауылшаруашылығы және ұлттық экономика министрлігі бірлесіп қабылдаған. Бұйрыққа сәйкес, әр өңірдің нарықтық ерекшелігіне қарай,  баға да әртүрлі.  Соңғы айда жасалған  талдауға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың  9-ы көп сатылады. Сол себепті де шектік баға мына азық-түліктерге  қойылып отыр. Бірінші сортты бидай ұнының 1 келісі — 162 теңге.  Бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанының келісі  164 теңге, өлшеніп сатылатын рожки келісі  216 теңге. Өлшеніп сатылатын  қарақұмық жармасыныкы болса 300 теңге. Бір келілік  домалақ дәнді тазартылған күріштің бағасы — 275 теңге. Ал сиыр етінің сүйекті жауырын-төс бөлігіне белгіленген баға 1805 теңге. Бірінші санатты тауық жұмыртқасының 10 данасы 265 теңге. Күнбағыс майының бір литрі 443 теңге. Экстрадан басқа ас тұзы 46 теңгеден саудалануы тиіс.

Шекті бағасы белгіленген азық-түлік тауарлары

1. Бірінші сортты бидай ұны, 1 кг. — 162 теңге;
2. Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), 1 кг. — 164 теңге;
3. Макарон (өлшеніп салынатын), 1 кг. — 216 теңге;
4. Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), 1 кг. — 300 теңге;
5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), 1 кг — 275 теңге;
6. Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), 1 кг. – 1805 теңге;
7. Тауық жұмыртқасы (I санатты), ондық — 265 теңге;
8. Күнбағыс майы, 1 л. — 443 теңге;
9. Ac тұзы («Экстра»-дан басқа), 1 кг. — 46 теңге;

Қайрат НҰРЛЫБАЕВ, Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
—        Белгіленген бағадан асқырған кәсіпкерлерге тәртіптік жауапкершілік қолданылатын болады. Оны анықтау әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 202 бабы бойынша, жергілікті атқарушы органдар, яғни қалада әкімдігі, ауданда аудандық әкімідік өкілдері қадағалайтын болады.


Атырау қаласында 900 шағын дүкен мен 6 азык түлік базары, 50-ден астам супермаркет, 20шағын маркет бар. Оларға аталған бұйрықпен  хабарландыру жіберілді дейді әкімдіктегілер.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *