Жаңалықтар

АЙЛАЛЫЛАР — АЙНАЛМА ЖОЛДА

Адамнан айла артылған ба?! Қала карантинге жабылып, бекеттер бекітілгенімен елді-мекендерге қара жолдар арқылы қатынайтындар азаймай тұр дейді полицейлер. Бір түн ішінде осындай заңбұзушылықпен 5 көлік иесі құрықталыпты. Олардың бірі Алмалы селосы арқылы Махамбет ауданына, одан кейінгісі Қараөзек арқылы Құрманғазы ауданына қарай өтпек болған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, бұл заңбұзушылықтарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жіберілген.
Оған қоса тас жолмен Орал бағытына қарай жаяу беттеген 1986 жылғы өзбекстандық азамат ұсталып, сот қаулысымен бес тәулікке қамаққа алынды. Полиция департаментінің мәліметінше, төтенше жағдайды бұзған жүргізушілер де қамауға алыныпты.

Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облысы ПД ресми өкілі

  • Айналма қара жолдан тойота камри көлігінің 87- жылғы жүргізушісіне қатысты төтенше жағдай режимін бұзу бабымен хаттама жасақталып, мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 3 тәуілкке қамауға алынды. Бұдан басқа Қараөзек бойына тоқталған 4 бірдей көлік жүргізушісіне де әкімшілік хаттамалар сотқа жолданды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *