Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 20-ШЫ НАУҚАС АМӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛЫП ШЫҚТЫ

АМӨЗ-ның қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталғаннан кейін мұнда санитарлық режим күшейтілді. ЖШС-тің баспасөз қызметі вирус жұқтырған жұмысшының зауыт аумағында болмағанын және қызметкерлермен байланыс жасамағанын хабарлады. Дегенмен сақтық шаралары қолға алынып, зауыт аумағы мен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды залалсыздандыру мақсатында электр аппараттары, химиялық реагенттер, арнайы киім мен бетперделер сатып алынды. Зауыттың қос кіреберісінде ауысым бойынша жұмыс істейтіндердің күнделікті дене қызуын өлшеу үшін тепловизорлар орнатылып, 20 дистанциондық термометр сатып алынған. Бүгінде өндірістік емес сектор қызметкерлерінің 90 процентке жуығы қашықтан жұмыс істеу жүйесіне көшірілді.


Оқи отырыңыз...

РОСТИСЛАВ КОНЯШКИН eGOV ЖАҢАРТУЫНА ҚАТЫСТЫ СЫНҒА ЖАУАП БЕРДІ

Атыраулық тұрғын Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелді босандырып алған (видео)

АТЫРАУДА ОҚУШЫ ЕР БАЛАЛАР АРАСЫНДА СЛЕТ ӨТТІ