Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

18 АДАМ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ

Атырауда қауіпті індетті тағы екі адам жұқтырды. Олар қызылқоғалық 28 жастағы әйелмен жақын байланыста болған 34 жастағы мейірбике және 21 жастағы науқас. Еске салсақ, қызылқоғалық әйел жедел респираторлық вирустық инфекциясының белгілерімен облыстық аурухананың дәрігерлеріне өзі шағымданып келіп, тест нәтижесінде қауіпті індеттің бары анықталған еді. Осылайша, науқас инфекцияны бірнеше адамға жұқтырып үлгеріпті.

Қазір олар түгелдей оқшауланып, инфекциялық стационарға жатқызылған. Науқастармен байланыста болып, жақын араласқандар анықталуда. Анықталған жағдайда жедел түрде оқшауланады дейді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, қазір Атырауда 18 адам қауіпті инфекцияны жұқырып, ем алып жатыр. Жағдайлары бірқалыпты. Сондай-ақ, 168 адам карантинде. Оның ішінде инфекциялық стационарда -13, провизорлық орталықта – 39, ал карантиндік стационарда 116 адам бар.

Оқи отырыңыз...

BRENT МҰНАЙЫ 112 ДОЛЛАРДАН АСТЫ, ГАЗ БАҒАСЫ 63%-ҒА ӨСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІ СЕРІК ШӘПКЕНОВ «САҒЫЗ» АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 32 САЯЖАЙДЫҢ НЫСАНАЛЫ МАҚСАТЫ ӨЗГЕРДІ