Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Коронавирусқа байланысты жұма намазының уақыты қысқарады

Жұма намазының уақыты қысқарады.

Короновирустың алдын алу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, бірқатар қысқарту енгізіп отыр. Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің мамандары да сол ережелерді ұстанамыз, — дейді. Олардың айтуынша, енді, жұма намазының алдында айтылатын 30 минуттық уағыз уақытша тоқтатылатын болады. Намаз уақыты кірген бойда азан айтылып, 4 рәкағат сүннет пен 2 рәкағат жұманың парызы қысқа сүрелермен ғана оқылмақ. Ал намаздың қалған бөлігін өз үйлерінде оқуға кеңес береміз, — дейді мешіт қызметкерлері.

Оқи отырыңыз...

«МАЭК-ті» ЖАҢҒЫРТУҒА 2,6 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІІНДІ

ATYRAU OIL&GAS КӨРМЕСІНЕ 80-НЕН АСТАМ КОМПАНИЯ ҚАТЫСАДЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНІ ӨТТІ