Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

МАСА УЛАУҒА – 65 МИЛЛИОН. ӘЗІРГЕ…

Атырауда көп қабатты үй тұрғындары жаз келмей жатып, маса мазаны алды, — дейді.

Айтуларынша, суға толы жертөленің кесірінен, қансорғыш жәндіктер тым көбейіп кеткен.

https://youtu.be/3S5EBn9hPgg

Әсіресе, балаларға қиын,- дейді аналар. Химиялық қорғаныш құралдарын қолдану сәбиге зиянын тигізе ме,- деп алаңдайды.

Алайда аймақта масамен күрес жұмысы әлі басталған жоқ. Әзірге тендер өтуде. Жеңімпаз компания тек үш ай қызмет көрсетеді. Оған 65 млн теңге қаражат бөлінді,- дейді коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер.

Қалған жарты жылдыққа тендер қайта жарияланады. Басшылардың тапсырмасы сол. Ал масаға таланған тұрғындар қансорғышты жою жұмыстарының үздіксіз жүргізілуін талап етіп отыр.

Оқи отырыңыз...

ПОВЫСИТЬ ЗАРПЛАТУ ТРЕБУЮТ СОТРУДНИКИ ЧАСТНОЙ КОМПАНИИ

АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІ САЙЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ОЙЛАРЫН АЙТТЫ

ҮЙСІЗ ҚАЛҒАН ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕРГЕ МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТПЕК