Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Көрісу күніне орай қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды

14 наурыз – Көрісу күніне орай, қалалық әкімдік тұрғындарға сый жасамақшы.

Яғни, қоғамдық көліктер қалалықтарды тегін тасымалдайды. Шахар басшысы Қайрат Оразбаевтың ұсынысын автопарктер де қолдап отыр. Әзірге бәрі емес, біреуі ғана. «Атырау-Автопарк» ЖШС-не қарасты №2, 4, 8, 12, 21, 22, 30а, және 65-ші бағытта қатынайтын автобустар халықтан жолақысын алмайды. Ал, қалған автопарктермен келісім жасалып жатыр.

Айта кетейік, 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай да, атыраулықтарға автопарктер атынан осындай сый жасалған болатын.

Оқи отырыңыз...

465 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ЖӘНЕ ЖАБЫЛҒАН МҚҰ-ЛАР: ТОҚАЕВҚА ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ТЕКСЕРІС ЕСЕБІ БЕРІЛДІ

АМӨЗ ДИРЕКТОРЫ ПРЕЗИДЕНТКЕ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ (ВИДЕО)

QAZAQGAZ БЕН CNPC «СОЛТҮСТІК 1» ЖОБАСЫНЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ КӨШТІ