Жаңалықтар

БРАКОНЬЕР – ИНСПЕКТОРЛАР ҰСТАЛДЫ (видео)

Қызметтік көлікпен қызыл балық тасыған.

ҰҚК Атырау облыстық департаментінің қызметкерлері браконьерлікпен айналысқан Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының үш қызметкерін ұстады.

Балық қорын қорғаушылар Исатай ауданы жақтан бекіре мен өзге де су маржандарын алып келе жатқанда қолға түскен. Ұсталған кезде ешқандай құжаттары болмаған.

Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің үйінен қызыл балықтың бірнеше данасы мен аулау құралдары табылған. Енді бұл жайтқа байланысты қылмыстық кодекстің «қызмет бабын пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *