Жаңалықтар

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысына қатысты сот отырысы басталды (видео)

Атырау, Caspian News. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Маншүк Аймурзиеваға қатысты сот отырысы басталды.

Оған ҚР ҚК «Салғырттық, абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет» бабымен айып тағылып отыр. Қолда бар ақпарат бойынша, экс-шенді тірі сәбиді мұздатқышқа салуға рұқсат берген Атырау перинаталды орталығының бас дәрігері қызметіне Қуаныш Нысанбаевты біліктілік талаптарына сәйкес келмесе де тағайындаған. Содан бері перзентханада былық көбейген. Денсаулық сақтау басқармасында да заң бұзушылықтар жетерлік. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, просцессуалдық келісімге келуге өтініш беріпті. Айта кетейік, Мәншүк Аймурзиева қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Денсаулық сақтау басқармасын 3 жыл басқарған бұрынғы басшы перинаталдық орталықтағы шудан кейін қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

ДЖ, Арзу КАРАШ Caspian news

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *