Жаңалықтар

Мемлекеттен көмек алам деп, қылмыскер атанбақ

Мемлекеттен көмек алам деп, қылмыскер атанбақ. Жеке кәсіпкер Мензипа Аманова Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на қатысты шағым түсірген. Оның айтуынша, 2019 жылдың қазан айында оған 2 млн теңгеден астам субсидия төленген. Кәсіпкер оның жартысын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» несиені ішінара өтеуге аударыпты. Енді, аталған қор несиені мерзімінен бұрын өтеу үшін және аталған субсидияның қалған сомасы мен субсидия қаражатын қайтармағаны үшін есептелінген айыппұлды сот арқылы талап етіп отырған көрінеді.

Ал сотқа беруші тарап, белгіленген заңға сәйкес несие алушының кепіл мүлкі 50 пайызға жетпейтін болса, онда субсидияны негізгі борышты өтеуге беру керек деген талап бар, — деп отыр. Соған сәйкес кәсіпкермен келісім шартқа да отырған көрінеді. Егер, қожалық иесі кепіл мүлкін жеткізіп берсе біз де одан субсидияны талап етпейтін едік – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның өкілдері.

Ал Мәнзипа Аманованың құқығын қорғауға жиналған кәсіпкерлер палатасының өкілдері екі тарап арасында жасақталған келісім шартқа сараптамалық жұмыстар жүргізген. Нәтижесінде, шарттың 1 тармағына сәйкес кәсіпкермен алынған несие «ірі қара малын сатып алуы» үшін берілген, ал 6 тармақта, «субсидия сомасы Ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықты сатып алған» жағдайда қорға төленеді деп көрсетілгенін анықтаған. Соған сәйкес, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мының талабы орынсыз болып табылады, — дейді палаталықтар.

Аталған іс қазіргі таңда сотпен қаралып жатырған көрінеді. Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары сотқа қатысып кәсіпкердің құқығын қорғамақшы. Олар соттың шешімін бұздырып жалпы бекітілген тәртіп бойынша соттасуға жұмыстанып жатырмыз, — дейді.

Жанаргүл Бисенова, Фархад Тәжібаев, КН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

АКИМАТ ПРОКОММЕНТИРОВАЛ СИТУАЦИЮ С ВОДОЙ, ВЫТЕКАЮЩЕЙ ИЗ ДРЕНАЖНОГО КАНАЛА В МКР. «АТЫРАУ»

Официальный представитель акимата города Атырау прокомментировал видеозапись, сделанную в микрорайоне «Атырау». По его словам, информация, ...