Жаңалықтар

Артық салмағы бар полицейлер аттестациялаудан өтпейді

Артық салмағы бар полицейлер аттестациялаудан өтпейді. Егер тәртіп сақшысының салмағы 102 келіден асатын болса, 3 жылда бір келетін нормативті тапсыра алмайды. Бұл алдын ала медициналық тексеріс кезінде анықталатын болады. Биыл 600-ге жуық полиция қызметкері кезекті аттестаттаудан өтеді. Бүгінде олар нормативті орындауға қызу дайындық үстінде.

Президент жарлығына сәйкес, өткен жылы кезектен тыс аттестация өткізілген еді. Департаменттің бастығы мен орынбасарлары бұл сыннан сүрінбей өтіпті. Ал жеке құрам нормативті орындай алмаған жағдайда бекітілген ережеге сәйкес қайта аттестациялауға жіберіледі.

Атырауда 102 келі салмақтан асатын қанша полицей бары әзірге белгісіз. Егер аттестаттау кезінде артық салмақтағы сақшы саны шамадан көп болса, оларға қысқа мерзімде артық келіден арылуға тура келеді.

Малика Такежанова, Айбек Жаңай, КН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

АКИМАТ ПРОКОММЕНТИРОВАЛ СИТУАЦИЮ С ВОДОЙ, ВЫТЕКАЮЩЕЙ ИЗ ДРЕНАЖНОГО КАНАЛА В МКР. «АТЫРАУ»

Официальный представитель акимата города Атырау прокомментировал видеозапись, сделанную в микрорайоне «Атырау». По его словам, информация, ...