Жаңалықтар

«БЕРЕКЕ»-дегі ҚОНЫСТОЙ

Үлкен отбасы саналатынОразбаевтар осы уақытқа дейін Вокзал маңы ықшам ауданындағы екі бөлмелі пәтерде тұрып келді. Бірақ, бұл күндер енді артта қалды. Береке ықшам ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден пәтерлі болды. Жаңа баспанада қажетті жағдайдың барлығы жасалған, енді көп ұзамай қоныс тойын тойлаймыз дейді, — қуаныштан жүздері бал-бұл жанған отбасы мүшелері.

Жалпы, Береке ықшам ауданынан көп балалы және жетім, сондай-ақ, аз қамтылған отбасы тізімінде тұрған 72 адамға пәтер берілді. Құжаттар да иелеріне кілтпен бірге тапсырылды. Қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, пәтерлі болғандардың барлығы кезекте 10 жылдан бері тұрған.

Жалпы аумағы 65 шаршы метрге дейінгі бір және екі бөлмелі пәтерлер үшін тұрғындар айына 7-8 000 теңге көлемінде жалға алу құнын төлейтін болады. Ал, жалға алушы өмірден өткен жағдайда келісім-шарт әрі қарай ұзартылып, онда отбасы мүшелері тұра бермек.

Арзу КАРАШ, Айбек УТЕМИСОВ Caspian news

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

АКИМАТ ПРОКОММЕНТИРОВАЛ СИТУАЦИЮ С ВОДОЙ, ВЫТЕКАЮЩЕЙ ИЗ ДРЕНАЖНОГО КАНАЛА В МКР. «АТЫРАУ»

Официальный представитель акимата города Атырау прокомментировал видеозапись, сделанную в микрорайоне «Атырау». По его словам, информация, ...