Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ (ВИДЕО)

Атырау, Caspian News. Облыстағы үкіметтік емес ұйымдар үшін әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өтті.

14 ұйым қатысқан шараны Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Азаматтық орталық бірігіп ұйымдастырды. Айтуларынша, жәрмеңке мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге нақты көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.

Жәрмеңкеге қатысқандардың бірі — «Zlataru» әлеуметтік шеберханасы. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап іске асырылып келе жатқан жобаның бүгінде жеткен жетістігі аз емес көрінеді. Балалардың қолынан шыққан бұйымдарды жәрмеңкеде сатып, одан түскен қаражатты ерекше балдарға арналған қорға аударыпты. Ал, компаниялардан көмек ретінде түскен қаражат шеберхананы дамытуға жұмсалмақ.

Әлеуметтік жобалармен танысуға әрі қолдау көрсетуге 40-қа жуық компания өкілі келді. Әзірге олардың екеуі ғана екі жобаға жалпы 4 млн теңгеден астам қаржы бөлуге уәде етті. Шара соңында қатысушылар ерекше балалардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Жанаргүл Бисенова, Фархад Тәжібаев, КН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

АКИМАТ ПРОКОММЕНТИРОВАЛ СИТУАЦИЮ С ВОДОЙ, ВЫТЕКАЮЩЕЙ ИЗ ДРЕНАЖНОГО КАНАЛА В МКР. «АТЫРАУ»

Официальный представитель акимата города Атырау прокомментировал видеозапись, сделанную в микрорайоне «Атырау». По его словам, информация, ...