Жаңалықтар

Көлігін сатамын деп алданып қалған тұрғыңдар жанайқайын жеткізді (видео)

Зоя Көпбергенова көлігін сатпақ боп жарнамаға шығарамын деп басы пәлеге қалған. Нарықтағы құны 3 млн теңге бағаланатын Тойота көлігіне 3 млн 600 мың ұсынған «Нұр-Али» капиталына көлігін өз қолымен әкеп тапсырыпты. Келісім-шарт та бар. Бірақ ақшасын ала алмай жүр.

Алданып қалдық деген жүз шақты адам бірнеше күннен бері аталған қаржы ұйымы орналасқан сауда орталығын торуылдап жүр. Компания ұсталған көлікті қымбат бағаға сатып алып қана қоймай, 35 пайыз өсіммен депозит ашқан. Алғашқы кездері тұрғындар ақшаларын алған, тек кейін төлеуді кідірте бастапты. Көлігін сатып, әрі депозиттен пайда көреміз деген тұрғындар енді жыларман күйде. Араларында алыстағы ауданнан келгендер де, баспанасын сатып, қомақты ақша салғандар да жүр.

Компания өкілдері қазір ізім-қайым жоғалған. Кабинеттері кілттеулі. Ақшадан да, көліктен де айрылғандар енді полицейлердің көмегіне жүгінуде.

Тіпті кейбірі заңгерлерге жүгініп жатыр. Заңгер Айдос Ибрайымов құқық қорғау органдарына шағымданса, көлікті қайтаруға мүмкіндік бар,- дейді.

Алданғандардың айтуынша, «Нұр-Али» капиталының иесі ақтөбелік Әліби Сексенбаев атты азамат. Қазір өзінің де, қызметкерлерінің де телефондары өшірулі. Ал олардан зардап шеккен атыраулықтардың нақты саны әзірге белгісіз.

БН, НМ

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

АКИМАТ ПРОКОММЕНТИРОВАЛ СИТУАЦИЮ С ВОДОЙ, ВЫТЕКАЮЩЕЙ ИЗ ДРЕНАЖНОГО КАНАЛА В МКР. «АТЫРАУ»

Официальный представитель акимата города Атырау прокомментировал видеозапись, сделанную в микрорайоне «Атырау». По его словам, информация, ...