Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ БАНКНОТТЫҢ ҚАЙ-ҚАЙСЫСЫ ДА ЖАРАМДЫ (видео)

Әлеуметтік желіні шулатқан бұл видеоға қатысты ҚР Ұлттық банкі АОФ мамандары түсінік берді. Айтуларынша, ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ұлттық валютаның банкноттары мен тиындарының» Тұжырымдамасына енгізілген өзгеріске сәйкес, 2016-шы жылдан бастап теңгелерден ҰБ төрағасының қолы алынып тасталған. Ал, қол қойылған 500, 1000, 2000, 5000 теңгелік банкноталар 2012 жылы шығарылған және олар әбден ескіргенше айналымда жүре бермек.

Сондай-ақ, Ұлттық банктің филиалына «Күлтегін» түркі жазба ескерткішінің суреті бар мына 1000 теңгелік банкноттарды айырбастауға келетіндер көп.

Өйткені, сатушылар оны «ескі ақша» деп қабылдамайтын көрінеді. Бұл да жаңсақ пікір, — дейді банкирлер. 2013 жылы 20 млн данамен айналысқа шыққан 1000 теңгелік те өзі әбден тозбайынша, айналымнан шықпайды. Егер кіші, орта, ірі кәсіпкерлік субъектісі банкноттың бұл түрін қабылдаудан, айырбастаудан және ұсақтаудан бас тартса 5-тен 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Ал, екінші деңгейлі банктерде осындай жағдай орын алса, 50 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі қажет.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

АКИМАТ ПРОКОММЕНТИРОВАЛ СИТУАЦИЮ С ВОДОЙ, ВЫТЕКАЮЩЕЙ ИЗ ДРЕНАЖНОГО КАНАЛА В МКР. «АТЫРАУ»

Официальный представитель акимата города Атырау прокомментировал видеозапись, сделанную в микрорайоне «Атырау». По его словам, информация, ...