Жаңалықтар

Бес сағатқа созылған облыс әкімінің есебі (видео)

300 минут немесе 18 мың секунд. Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің халық алдындағы алғашқы есебі осынша уақытқа созылды.

Бұл дәстүрге айналған секілді, өйткені, экс-әкім Нұрлан Ноғаевтың та есептік кездесулері 5-6 сағатқа дейін созылатын. Ұйымдастырушылар биыл есеп өтетін орынды өзгертуді жөн көріпті. Атыраулықтар әдеттегідей 2500 адам сыятын «Жайық» спорт кешеніне емес, 600 адамға ғана арналған Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драматеатрының ғимаратына жиналды. Сахнада трибунадан басқа басы артық ештеңе де жоқ. Бейресми ақпараттарға сенсек, әкімдік декорацияға бола шығынданбауды жөн көріпті. Махамбет Досмұхамбетов 40 минуттық баяндамасынан кейін бірден сұрақ-жауапқа көшті. Ол үлкендердің батасымен басталды.

Бірақ, жиынның ресми форматта өтіп жатқандығын еске түсірген облыс басшысы бір жымиып алып, әжейдің сөзін бөлуге мәжбүр болды.

Атыраулықтарға жақсы таныс белсенділердің бірі – Арман Хайруллин бұл жолы да есептік кездесуден қалыс қалмапты. Осы уақытқа дейін тек экология, көгалдандыру секілді тақырыптарды тізе жөнелетін ол бүгін әңгіме ауанын өзгертіп, жалпақ тілде «Жүзім» аталып кеткен Сергек камералары туралы ұсынысын айтты.

Махамбет Досмұхамбетовтың облысқа әкім болып келгеніне екі ай өтсе де, аудан-ауылдардың түгелге жуығын аралап, жүздеген халықпен жүздескені белгілі. Бірақ, олардың айтқан мәселелеріне қатысты нақты сөз бергендігін әзірге ешкім естіген жоқ. Кейбір әкімқаралар секілді орындалмайтын уәде бергеннен гөрі бұл дұрыс та шығар. Осы үрдіс есептік кездесу кезінде де қайталанды.

Есептік кездесудің бір ерекшелігі ретінде аудандардың тікелей байланысқа қосылғандығын айтуға болады. Жылой ауданының тұрғындары белсенділік танытса, құрманғазылықтар керісінше, өздерінің тарапынан бір де бір сауал не ұсыныстың жоқ екендігін айтты. Ал, қызылқоғалықтар сағаттап отырудан жалықса керек, түс әлеті болысымен залда әкімдіктің жауапты қызметкерінен өзге ешкім байқалмады.

Жиын соңына қарай залда нағыз шыдамдылар ғана қалды. Кездесудің онсыз да ұзаққа созылғанына қарамастан сұрақ қоям деушілердің қатары көп болды. Халық қалаулылары мен ақсақалдар жиынды аяқтауды сұрағанымен, тұрғындардың аймақ басшыларынан айрылғылары жоқ. Себебі, мұндай мүмкіндіктің күнде болмасы анық.

Аймақ басшысы өзінің қабылдауына 400-ден астам адамның жазылғанын айтып өтті. Ал, облыстың бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған телеграм желісі мүлде қараусыз қалған көрінеді. Десе де, Махамбет Досмұхамбетов оны қайтадан қолға алып, телеграм арнасының жұмысын өзі жалғастырмақ.

Оны қолымызға аламыз. Телеграм чатты бақылауда ұстаймыз. Жауапты беруге тапсырамын. — Ноғаев кеткеннен кейін тып-тыныш, сол кісі жауап беретін болды күн демей түн демей -Менің келгеніме 2 ай болды, облыстың жағдайымен танысып жүргенде уақыт өтіп кетті. Енді кешеден бастап қолға алып жатырмын. Фэйсбукте парақша аштым.

Шара соңында Махамбет Досмұхамбетов сұрақтарын қоя алмаған, мәселелерін айта алмаған азаматтардың мұң-мұқтажын жеке қабылдау кезінде тыңдауға уәде берді. Бірақ, ол БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өткендіктен, ол жерде не айтылып, әкімнің нендей уәде бергендігі жұмбақ күйінде қалды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

АКИМАТ ПРОКОММЕНТИРОВАЛ СИТУАЦИЮ С ВОДОЙ, ВЫТЕКАЮЩЕЙ ИЗ ДРЕНАЖНОГО КАНАЛА В МКР. «АТЫРАУ»

Официальный представитель акимата города Атырау прокомментировал видеозапись, сделанную в микрорайоне «Атырау». По его словам, информация, ...