Жаңалықтар

15 балаға жеткенше «ксерокс» күйіп кетер…

Кейде осы біздің биліктегі кейбір шенділердің қай жерімен ойлайтынын түсінбейсің. Саудың асын ішіп, айлығын алады да, …біртүрлі сөйлейді.

Түнеугүні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кейбір көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақының екі есеге артатынын айтты.

Айтқаны дұрыс қой, бірақ оған қалай қол жеткізетінімізді естігенде… Ол былай деді: «Қазір жеті баладан ары қарай жәрдемақының мөлшері біркелкі. Сондықтан біз сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сонда 8 балаға 74 мың емес – 85 мың теңге, 10 балаға – 106 мың, 15 балаға –159 мың теңгеден төленетін болады. 2020 жылға осы мақсаттарға бюджетте 177,6 миллиард теңге қарастырылған».

Мынау енді бала туып көрмеген адамның сөзі! Тұтастай бір министрлікте министр Нұрымбетовке бала таптыру мен бала табудың ара жігін ажыратып, түсіндіріп беретін бір адамның табылмағаны қынжылтты. Ал жарайды, күшеніп-күшеніп 15 бала таптық дейік. 159 мың теңгемен 15 баланың қай жыртығын жамаймыз?! Әрбірден соң бұл ақша 15 тұрмақ, шағын отбасының да шығынын өтемейді.

Осы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің жұртты күлдіріп жүретін әдеті бар. Министр «Потамушта» әлі ұмытылған жоқ еді, енді міне «Ксерокс» министр аренаға шыға келді.

«Ксерокс» министр Б.Нұрымбетовке бірнеше құрсақ көтерген ана ретінде ақыл айтқым келіп отыр. Сіз айтқан 15 баланы туып, 159 мың теңгеге жеткенше, «ксерокс» те күйіп кетер. Сондықтан көпбалалы аналарға жартымды жәрдемақы төлеудің басқа жолын қарастырыңыз.

Ана баласын өмірге жәрдемақы алу үшін әкелмейді. Десе де, жарық дүние есігін ашқан әрбір балаға қамқорлық көрсету – мемлекеттің міндеті.

15 баласы бар отбасы елімізде біреу ғана екен. Солтүстік Қазақстан облысында тұрады. Статистика бойынша, Қазақстанда бала саны төртке жетпейтін 2 млн 904 отбасы (4 млн 600 бала) бар. Олардың 190 мыңы аз қамтылған отбасылар санатына кіреді.

Көпбалалы аналарды зар жылатпай, қайта-қайта митингілетпей мәселесін шешіп беруге мемлекеттің әлеуеті жетеді. Тек жоғарыдағылардың ниеті түзу болсын деп үміттенейік.

Дереккөз: nege.kz

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

АКИМАТ ПРОКОММЕНТИРОВАЛ СИТУАЦИЮ С ВОДОЙ, ВЫТЕКАЮЩЕЙ ИЗ ДРЕНАЖНОГО КАНАЛА В МКР. «АТЫРАУ»

Официальный представитель акимата города Атырау прокомментировал видеозапись, сделанную в микрорайоне «Атырау». По его словам, информация, ...