Жаңалықтар

НӘРЕСТЕ ӨЛІМІ: ТАҒЫ БІР ДӘРІГЕР ҰСТАЛДЫ

Атырау облыстық перинаталдық орталығындағы сәби өліміне қатысты тағы бір дәрігер қамауға алынды.

Перзентхананың 53 жастағы акушер-гинекологы ҚР ҚК «Адам өлтіру, дәрменсіз адамды өлтіру, бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, қылмыс жасау» бабы бойынша күдікке ілінді. Алдын ала болжамдарға қарағанда, дәрігер бойында тіршілік белгісі бар бейкүнә сәбиді мұздатқыш камераға салып, өлтіруге қатысқандардың қатарында болған.

Естеріңізге салайық, өткен жылдың қыркүйек айында болған осы оқиғаға байланысты перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржан қазір қамауда отыр. Оларға қылмыстық кодекстің «қасақана адам өлтіру», «пара беру» және өзге де баптары бойынша айып тағылған. Бұл іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып қалғандықтан, іс жуықта сотқа жіберілмек.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *