Атырауда алғаш рет арбитраждық сот ашылды.
Тұрғындардан келген арыз-шағымдарды 30 күннің ішінде қарап, тиісті шешімін шығаратын орталық өз жұмысын бастап кетті.
Arbitration of oil capital – бұл заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың арасында туындаған қаржылық мәселелерді шешуге көмек көрсететін орталық.
Егер арызданушы шалғай жерлерден болса, орталық арбитрлары сонда барып, дауларды шешіп беруге көмектеседі. Арбитраж орталығында 4 адам қызмет етеді.
Барлығы да сот саласында көптеген жылдық тәжірибелі мамандар. Айта кетейік, арбитралды қызмет көрсететін орталық еліміздің 18 қаласында жұмыс істеуде.

Жайдарлым Қайреден
