Жаңалықтар

ЖЫР БОЛҒАН МЕКТЕП

Атырау, Caspian News. Бұл Мағжан Жұмабаев атындағы №1 орта мектеп. Салынғанына жарты ғасырдан асқан нысан 3 жыл бұрын апатты деп танылып, оқушылар уақытша Хиуаз Доспанова атындағы мектепке көшірілген еді.

Негізі жаңа білім ордасы дәл осы жерден екі жыл бұрын бой көтеріп, балаларға есігін айқара ашуы керек-тін. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрғандай, жаңа мектеп салынбақ түгілі, ескі ғимарат әлі күнге дейін бұзылмаған.

Аталған мәселенің нақты қашан шешілетінін білу үшін ата-аналар қала әкімдігінің алдына жиналды. Айтуларынша, бұл мәселе біршама қиындық тудырып отырған көрінеді.

Маргарита ПОТАПОВА, Атырау қаласының тұрғыны /аударма/

Балаларымыз 3 жылдан бері №18 мектепке барады. 3 ауысыммен оқиды, оған қоса білім алып жатқан сыныптары кіп-кішкентай, былай айтқанда біздің балалар дәлізде оқыды. Не жеткілікті парта жоқ, не орындық жоқ. Бір партада 4 адамнан отыратын кездері де болады.

Фарида ТОҒАШЕВА, Атырау қаласының тұрғыны /аударма/

Бұл мектеп ұжымына да, оқып жатқан оқушыларға да үлкен ыңғайсыздық тудырып отырғанымыз сөзсіз. №18 мектепте бір емес екі мектептің балалары оқиды. Бұл үлкен мәселе. Мен өзім ол мектепке жақын маңда тұрмаймын. Және біздің жақтан мектепке баратын автобус жүрмейді және менің балам 2 жолдан өтіп баруы керек. Бұл қауіпті бір жағынан ата-аналарға да қиын.

Ашулы ата-аналарды қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев қабылдады. Сөзінше, ескі ғимаратты бұзу жөнінде әкімдік қаулысы 2017 жылы шыққан. Ал, жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға қажет қаражат тек 2018 жылы бөлініпті.

СНХ: Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары

2018 жылдың қазан айында «Синтез» ЖШС мен қалалық құрылыс бөлімі арасында келісім шарт жасақталды. Ал 12 желтоқсан күні жобалық-сметалық жоба мемлекеттік экспертизаға жіберіліп, 2020 жылдың қаңтар айында оң нәтиже алды. Қолымызда дайын жоба да, экспертиза қорытындысы да бар. Енді тек конкурстық процедуралары ғана қалды. Жеңімпаз анықталғаннан кейін келісім-шарт жасасып мектеп құрылысына кіріседі.

Ата-аналар балаларына ыңғайлы және қауіпсіз болуы үшін жаңа ғимараттың тез салынып, пайдалануға берілгенін талап еткенімен, бір мектепке сыйып отырған қос басшының айтуынша, оқу процесі бұрынғысынша жүріп жатыр.

Дулат ДӘЛЕЛОВ, № 18 Х.Доспанова атындағы мектеп директоры

Осы уақыт ішінде мектептер арасында айтарлықтай кедергі болды деп айта алмаймын. Себебі мектеп оқушыларымыз бір бірімен өте тату-тәтті жағдайда. Бөлініп берген кабинеттеріміз ол біздің мектептің де кабинеті, бірінші мектептің де кабинеті болып есептеледі. Яғни ол мектептің әкімшілігі де, біздің мектептің әкімшілігі де бір жұмыла жұмыс жасайды.

Айтпақшы, ата-аналар мектепке тиесілі жер телімінің әлдекімдерге сатылып кеткенін айтады. Бұл туралы жергілікті әкімдік егжей-тегжейлі айтпағанымен, білім ордасына тиесілі участоктың шынымен де мемлекет меншігіне қайтарылғандығын мойындап отыр. Ол жерлерге алдағы уақытта жаңа білім ордасынан өзге спорт алаңы мен асхана салынады деп жоспарлануда.

Жанаргүл Бисенова, Ақылбек Кертаев

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *