Жаңалықтар

ЖАЙЫҚТАҒЫ БАЛЫҚ ЖӘЙЫ

Атырау, Caspian News. Балық аулауға бала күнінен машықтанған  Бауыржан Әбішев қазір мұны ұлына үйретіп жүр.

Әкелі-балалы екеудің бос уақыттағы ермегі осы. Бауыржанның айтуынша, өзендегі балық жыл сайын азайып келеді. Ала таңнан, қара кешке дейінгі аралықта ілігетіні тек 5-6 ұсақ балық қана. Кей уақытта қармағы мүлдем бос қайтатын көрінеді. Әуесқой балықшыны қынжылтатын тағы бір нәрсе – Жайық бойына құрып тасталған аулардың тым көптігі.

Бауыржан ӘБІШЕВ, Атырау қаласының тұрғыны

Қазіргі уақытта балықтың жүрісі өте баяу, жоқ деп айтуға болады. Таңертең келіп, кешке дейін отырғанда алатынымыз 5-6 штук, болса. Әр жерді аралаймыз. Мысалы қаланың сыртына барамыз, Сарайшыққа дейін барып келеміз, жағалай сетка болады. +++Қазір уақ балық сосын, ірі балық деген жоқ. +++Қаланың ішінде бірең-сараң жүріп кеткені болмаса, қаланың сыртында вообще жоқ балық дейтін.

Ал, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының сөзінше, жыл басталғалы өлген су маржандары кездеспеген.

Вячеслав ЧИРКОВ, ихтиолог

Жайық суына жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отырамыз. Түрлі сынама алынып, зертханалар мен сараптама орталықтарына жібереміз. Әзірге ешқандай өзгеріс байқалмайды. Бұдан бөлек мемлекеттік инспекторлар мұз астындағы ау-торларды шығару жұмыстарымен де айналысады.

Сондай-ақ, мамандар әуесқой балықшылар мен қала тұрғындарына ескерту жасап отыр. Қазір Жайық бетінде аса қауіпті деп саналатын, яғни, мұз мүлде қатпайтын немесе жұқа болып қататын орындар белгіленген. Нақтырақ айтқанда олар бірінші учаске, орталық көпір маңы, Тұрғындар қалашығы ауданы мен Балықшы-Рембаза аралығында. Бұл жерлерден балық аулау да, мұз бетімен өзенді жаяу кесіп өту де өмірге қауіп төндіреді.

Даурен Мақым

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *