Жаңалықтар

«ӘМБЕБАП» ҰСТАЗДАР

https://www.facebook.com/caspiannews.kz/videos/3137392529634459/

Бұл Қызылқоға ауданындағы Шүкір Еркінов атындағы мектептің мұғалімдері. Әлеуметтік желіде тараған мына бейнероликке қарағанда, басшылық жаңа оқу жылы басталар шақта жөндеу жұмыстарына қызу кіріскен. Және оны жасайтын адамдарға қаржы шығарғылары келмесе керек, мұғалімдерді тегін жұмыс күші ретінде пайдалануды жөн көріпті. Өйткені, ұстаздардың бірі қабырғаларды әктеп, сырласа, өзгелері еден жуып жүр. Тіпті, ортақ іске жүкті қызметкерлер де атсалысуда. Ал, оларға мектеп директорының тапсырма беріп жүргенін анық көруге болады. Орын алған осы жайтқа байланысты оған қоңырау шалып, ресми түсінік беруді сұрағанымызбен, жауап беруден бас тартты. Ал, бейнероликке қатысты қазір Атырау облыстық білім беру басқармасы жанынан арнайы комиссия құрылып, іске кірісіпті.

Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы м.а.

Бұл мәселе бойынша облыстық білім беру басқармасынан қызметтік тексеріс мамандар тағайындалып, комиссия тексеріске кетті. Оның қаншалықты заңдылық, оның қаншасы мұғалім, мүмкін мұғалім емес пе?! Осы мәселе бойынша анықталады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2017 жылы облыс мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 116 миллион, ал өткен жылы 135 миллион теңге бөлінген. Ал, биыл бұл мақсатқа қанша қаржы бөлінгенін облыстың бас ұстазы айта алмады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *