Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Пітір садақаның құны бекітілді (видео)

Атырау, Caspian News.

Мұсылман қауымы үшін айлардың сұлтаны – Рамазан айы мамырдың 5-інен 6-сына қараған түні басталады. Осы түні жамағат ауыз бекітіп, жаратқанға құлшылық етеді. Қасиетті ай биыл 30 күнге созылады. Ал, 31-ші мамырдан 1-маусымға қараған түн — Қадір түні. Бұл туралы облыстың бас имамы Батыржан Мансұровтыңқатысуымен өткен баспасөз брифингінде айтылды. Сонымен қатар, биыл жан басына берілетін пітір садақаның құны 300 теңге болып бекітілген. Оны, Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беріп болу қажет.

 

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА 5 ФУТБОЛ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

БҚО-ДА 900 МЛН ТЕҢГЕЛІК ЖАЛҒАН ШОТ-ФАКТУРА РӘСІМДЕГЕН ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

МАНҒЫСТАУДА ЕКІ ЖЕКЕМЕНШІК КЛИНИКА ӘМСҚ-НЫҢ 221 МЛН ТЕҢГЕСІН ЗАҢСЫЗ ИЕМДЕНДІ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ