Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Облыста балалар туберкулезі өршіп тұр (видео)

Атырау, Caspian News.

Облыста балалар туберкулезі өршіп тұр. 2018 жылы өкпе дертін 1-ден 14 жасқа дейінгі 64 бала жұқтырса, биылғы 4 айдың ішінде 25 бала сырқатқа шалдыққан. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 40 пайызға жоғары. Өкінішке орай, туберкулез жұқтырған жасөспірімдердің көрсеткіші де мәз емес. Мамандар мәліметіне сүйенсек, 15-17 жас аралығындағылардың ауру дерегі алпыс пайызға артқан.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕКРЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ОРТАША МӨЛШЕРІ 1,2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІҚазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге берілетін жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 1,2 миллион теңгені құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласының 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шығарған мәліметі осыны көрсетіп отыр. Бұл әлеуметтік төлем түрі жүктілік пен босануға, немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған заңды түрде жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады. Төлемнің нақты мөлшері үміткердің соңғы 12 ай ішіндегі ресми орташа айлық табысы негізінде жекелей есептеліп беріледі. 👶 Бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жәрдемақы Мемлекет тарапынан балалы отбасыларды қолдау мақсатында нәрестелі болған ата-аналарға (жұмыс істейтініне немесе істемейтініне қарамастан) берілетін тікелей жәрдемақы түрлері бекітілген: 🧑‍🍼 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға — 164 350 теңге; 👨‍👩‍👧‍👦 4-ші және одан кейінгі балаларға — 272 475 теңге. 🍼 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы төлем Бала өсіп, 1,5 жасқа толғанға дейін берілетін ай сайынғы қаржылай көмектің де өзіндік есептелу ерекшеліктері бар: 📊 Есептелу тәртібі: Жұмыс істейтін аналар (немесе бала күтіміне шыққан әкелер) үшін бұл төлем олардың соңғы екі жыл (24 ай) ішіндегі орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде есептеліп төленеді. 💳 Қазіргі орташа мөлшері: Қазақстанда бүгінгі таңда бала күтіміне байланысты беріліп жатқан бұл ай сайынғы төлемнің орташа көрсеткіші 86 062 теңгені құрап отыр.

АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 26.05.2022

Ақтауда күріш бағасы 904 теңгеге дейін қымбаттаған