Жаңалықтар

Үш жылдың есебі (видео)

Атырау, Caspian News

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылғалы 3 жыл ішінде атыраулықтарға 4 миллионға жуық қызмет көрсетіліп, 3 миллион адамға құжаттар электрондық түрде берілген. Ал, электронды цифрлық қолтаңбаны 500 мыңнан астам адам алған көрінеді. Жергілікті деңгейде халыққа қызмет көрсету орталығы, әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті енгізілген мемлекеттік корпорация өкілдері өз салалары бойынша өзге де ақпараттармен бөлісті. Мысалы, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті тұрғындарға 90 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіпті. Ал, филиал директорының әлеуметтік төлемдер бойынша орынбасары Гүлмира Исқалиеваның айтуынша, атыраулықтарға қазір зейнетақы мен жәрдемақы бойынша 42 түрлі төлем жүргізілуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен ай сайын қыруар қаржы бөлініп отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *