Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Әр балаға 21 мың теңгеден — Тоқаев заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Осылайша, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтеріліп отыр. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін минимал төлем 20 789 теңге сомасында бекітілді. Мүгедек бала асырап отырған және бала шағынан бірінші топтағы мүгедек баланы бағып отырған ата-аналарға ай сайын берілетін жәрдемақы 30 пайызға өсті.

Құжат атаулы көмекті тағайындап, төлем жасаудың дұрыстығына бақылау шараларын қарастырады. Сондай-ақ бұл заң арқылы маманданған педагогтарға, дәрігерлерге, полицейлерге және өзге де мамандық иелеріне «7-20-25» бағдарламасы аясында жеңілдігі бар ипотека бойынша жергілікті бюджеттен алғашқы жарналарды ішінара субсидиялау механизмі енгізіліп отыр.

Оқи отырыңыз...

В АТЫРАУ ОТКРОЮТ ЦЕНТР КОМПЕТЕНЦИИ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕКРЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ОРТАША МӨЛШЕРІ 1,2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІҚазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге берілетін жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 1,2 миллион теңгені құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласының 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шығарған мәліметі осыны көрсетіп отыр. Бұл әлеуметтік төлем түрі жүктілік пен босануға, немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған заңды түрде жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады. Төлемнің нақты мөлшері үміткердің соңғы 12 ай ішіндегі ресми орташа айлық табысы негізінде жекелей есептеліп беріледі. 👶 Бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жәрдемақы Мемлекет тарапынан балалы отбасыларды қолдау мақсатында нәрестелі болған ата-аналарға (жұмыс істейтініне немесе істемейтініне қарамастан) берілетін тікелей жәрдемақы түрлері бекітілген: 🧑‍🍼 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға — 164 350 теңге; 👨‍👩‍👧‍👦 4-ші және одан кейінгі балаларға — 272 475 теңге. 🍼 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы төлем Бала өсіп, 1,5 жасқа толғанға дейін берілетін ай сайынғы қаржылай көмектің де өзіндік есептелу ерекшеліктері бар: 📊 Есептелу тәртібі: Жұмыс істейтін аналар (немесе бала күтіміне шыққан әкелер) үшін бұл төлем олардың соңғы екі жыл (24 ай) ішіндегі орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде есептеліп төленеді. 💳 Қазіргі орташа мөлшері: Қазақстанда бүгінгі таңда бала күтіміне байланысты беріліп жатқан бұл ай сайынғы төлемнің орташа көрсеткіші 86 062 теңгені құрап отыр.

ҚҰРМАНҒАЗЫ» БЕКЕТІНДЕ 300 МЫҢ ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАНБАҒАН АҚША ТАБЫЛДЫ