Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ЖАЙЫҚ ТАРЛАНДАРЫ

Атырау, Caspian News.

«Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданындағы Ретро саябақта қалалықтар арасында «Жайық тарландары» атты жарыс өтті. Өткізілген шараның мақсаты — жастарға қазақтың ұлттық спорт түрлерiн және ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастардың патриоттық рухын ояту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын  қалыптастыруға шақыру. Қатысушылар қазақша күрес, бұқа тартыс, кір тасын көтеру  түрлерінен сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша, 24 келілік кір тасын 76 рет көтерген  Бақтыбек Бектемісов бірінші орын алып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Шара соңында  облысымызға белгілі өнерпаздар: «Қарақат» мектеп-студиясының жетігеншілер тобы, Әсет Әлиев, Бақытгүл Ізбасарова, Зарина Кабулова, Ержан Кабдолов секілді әншілер және бишілер тобы өнер көрсетті.

 

Оқи отырыңыз...

18 АДАМ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ

БИЫЛ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 871 МЛН.ТГ ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСКЕН

БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭ ЕСУДЕН ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ