Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АЛДА – АМАЛ МЕРЕКЕСІ

14 наурыз көрісу күні немесе Амал мерекесі. Бұл күнді жерлестеріміз биыл ерекше дайындықпен атап өтпекші.

Яғни, қаламызда бірнеше шара ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, 13-наурызда ұлттық өнерді ұлықтап жүрген бата берушілердің арасында республикалық сайыс ұйымдастырылуда. Өтетін орны Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы. Наурыз айының 14-і күні облыстық әкімдіктің алдындағы Сұлтан Бейбарыс атындағы алаңда «Көрісу Fest” фестивалі басталмақ. «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын бағдарлама аясында өтетін халықаралық фестивальда суретшілердің туындылары, ұлттық сусындар мен тағамдардың және облыстық мұражайдағы ұлттық нақыштағы бұйымдардың көрмесін өткізу де жоспарланып отыр. Оның соңы «Жастар жарыса көрісіп қауышады» атты жастар сайысына және әдеби-музыкалық театрландырылған қойылымға ұласпақ.

Оқи отырыңыз...

АҚТАУДА САЯБАҚТЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ДАУҒА ҰЛАСТЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ КИКБОКСИНГ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Киік қырғыны: Мемлекетке келтірілген 1,1 млрд млрд теңге шығынның 12 млн-ы ғана өндірілген