Атырауда нан қымбаттады. Халық сұранысына ие әлеуметтік нанның бағасы 5 теңгеге өсті. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан дотацияның бөлінбеуі себеп, — дейді қалалық кәсіпкерлік және туризм бөліміндегілер. Соған байланысты Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарынан тасымалданатын ұн бағасының өсуі дастархандағы басты тағам құнының көтерілуіне әсер етіп отырған көрінеді. Олардың айтуынша, баға 11 наурыздан бастап өскен. Қазір 1 сұрыпты ұннан жасалған ас атасының көтерме бағасы 70 теңгеден болса, базар мен шағын азық-түлік дүкендерінде бөлшек саудада 75 теңгеден сатылуда. Дегенмен, кей жерлерде баға әзірге өзгеріссіз қалған.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0