Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АУДАНДАРҒА БІР-БІР ЧАТТАН

Енді облыстағы әр ауданның тұрғыны өздерін мазалаған мәселелердің жауабын тиісті мекемеге бармай-ақ, үйде отырып біле алады. Ол үшін телеграм желісінде арнайы чат-канал ашылды. Әкімдіктегілердің айтуынша, осыдан екі жыл бұрын ашылған облыс әкімдігінің телеграм-каналына келген хаттың көбі аудан тұрғындарынан келіп түскендіктен, әр ауданға жеке-жеке чат арнау қолға алыныпты. Әзірге аталған әлеуметтік желіні ең белсенді қолданатындар қызылқоғалықтар мен индерліктер. Жалпы, Атырау облыстық әкімдігінің телеграмдағы чатына 5000-дай адам тіркелген. Оған осы уақытқа дейін 3700-ден аса өтініш, арыз-шағым мен ұсыныс келіпті.

 

Оқи отырыңыз...

Атырауда жыл басынан бері 100-ден астам ата-ана баласына екпе салдырудан бас тартқан (видео)

РЕМОНТ В МАЭК ПЛАНИРУЕТСЯ ЗАВЕРШИТЬ К НАЧАЛУ ОТОПИТЕЛЬНОГО СЕЗОНА

АЙТЫС МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ