Кәріз суларын тазалайтын станцияның құрылысынан мүлде қателік жібермеуге тиіспіз. Кешеннің құрылыс жұмысымен танысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осылай деді.
Жоба бойынша бұл бекетте бас сорғыш станциясының алаңы, ағынды суларды тазарту құрылғылары, биологиялық тоғандар мен булану алаңдары салынуда. Жаңа станция іске қосылса облыс орталығының оң жақ жағалуының кәріз желісінің мәселесі шешілмек. Құрылыс аяқталысымен, «Сасықсай» алаңы жабылады. Өйткені мұнда кәріз суы толық тазаланбайды екен. Станцияның құрылысын бас мердігер «Павлодар өзен порты» акционерлік қоғамы 2017 жылдың қараша айында бастапты.
Тапсырыс бойынша, нысан жыл аяғына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Нұрлан Ноғаев орынбасарлары мен қала, сондай ақ «Атырау су арнасы» мекемесінің басшыларына құрылысты жіті қадағалауды және жеке секторларды осы кешенге қосу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Айта кетейік, бұл станция алдағы уақытта Атырау су арнасының сенімгерлік басқаруына берілетін көрінеді.